Партия белсенділері көмек көрсетті
Партия белсенділері көмек көрсетті
«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Нұрымбек Тау алматылықтарға 10 миллион теңге кө­ле­мінде көмек көрсетті. Іс-шара барысында Yokohama брен­дінің, Алатау ауданы әкімдігінің және «Тау Шаңырақ» қайырымдылық қоры­ның қолдауымен аз қамтылған азаматтар мен жалғызбасты зейнеткерлерге 1 000 азық-түлік қорабы сыйға тартылды. – Біз азық-түлік жиынтықтарын дайын­дап, мұқтаж отбасыларға ең қажетті азық-түлік өнімдерін тасымалдадық. Қа­зақ­стандықтарды игі дәстүрді жал­ғас­тыру­ға шақырамыз. Бейбіт тұрғындарды қор­ғау кезінде жарақат алған және ауру­ха­нада емделіп жатқан әскери қызмет­кер­лерге материалдық көмек көрсетуді жос­парлап отырмыз, – дейді Нұрымбек Тау. Сонымен қатар депутаттар, партия бел­сенділері мен жақтастары блок-бе­кет­терде қызмет етіп, қаланы күзеткен 7 мыңға жуық әскери қызметші мен по­лиция қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Естеріңізге сала кетсек, Алматыда тө­тенше жағдай кезінде «Nur Otan» пар­тиясы қалалық филиалы активінің бар­лық күштері жұмылдырылды. Бүгінде 16 мыңға жуық мұқтаж азаматтарды қамти оты­рып, 155,2 миллион теңге көлемінде жан-жақты көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, партия белсенділері Сабыржан Зай­нидинов пен Бауыржан Қайынбаев күн­делікті Алматы қаласының Полиция департаментін ыстық тамақпен қам­та­ма­сыз етіп отырды. Сондай-ақ қала кәсіп­кер­лерін қолдау қорына 50 миллион теңге аударды.

Әбілмансұр ЖАСАН