«Омикрон» штамы: сақтану ережелері өзгерген жоқ

«Омикрон» штамы: сақтану ережелері өзгерген жоқ

Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте 15 мыңнан аса адам жұқпалы індетке шалдыққан. Коронавирустың жұғуы 14 күннің ішінде білінсе, «омикрон» шта­мының жұққаны небәрі екі күннің ішінде белгілі болады. Демек, бас­қа штамдарға қарағанда тез жұғады. Аурудың алғашқы белгілері тұ­мау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты суық тигендей кө­рінеді. Яғни, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, бас ауруы, жөтел бола­ды. Бірақ жеңіл өтеді екен деп өз бетінше емделуге болмайды. Ауру белгілері байқалған сәтте ең бірінші не істеу керек? Өршіген ін­дет­тен сақтану жолы қандай? Білікті мамандардың кеңесін ұсынамыз. Орынбасар НАҒЫМЕТЖАН,  дәрігер:

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА БАРМАҢЫЗ

– Ең бірінші дұ­­рыс тамақтану ке­­рек. Күнделікті үш уақыт ауыз бен мұ­­­­рын­ды тұзбен шайып, жеке бас ги­гие­на­сын сақтаған жөн. Көпшілік орында жұ­мыс істейтіндер 70 пайыздық антисеп­тик­ті жиі қолданып, дезинфекция жасауы қажет. «Омикрон» штамы тез жұғатын­дық­тан, қолды сабынмен жуу, маска режимін сақ­тау да аса маңызды. Коронавирус ең ал­ғаш келген кезде адамдардың барлығы үрейге бой беріп, ауыруға өз-өздерін илан­ды­рып алған еді. «Омикроннан» қор­қудың қа­жеті жоқ. Мұның симптомы балаларға ауыр тигенімен, үлкендерде жеңіл өтеді. Бі­рақ демікпесі, аллергиясы, жүрек ауру­лары мен жоғары қан қысымы бар адам­дар­ға ауыр соғады. Сондықтан қоғамдық орын­дар мен жиындарға уақытша бармау ке­рек. Ел арасында тамағы ауырып, жө­те­ліп жатқандар өте көп. Барлығына «тең­сері­ліңдер, дәрігерге қаралыңдар» деп айт­қанымызбен, халық бәрін бірдей орын­дамайды. Сол себепті азаматтар жаппай ауы­рып жатыр. Ауа райының жылы болып, қалың қардың жаумауы да вирустың та­ра­луы­­на жағдай жасап тұр. Мұндай кезде әр­кім өз денсаулығына жауапкершілікпен қа­рауы қажет. Жылқы, қой, балық сорпа­сын ішу керек. Газдалған, салқын сусын­дар­дан бас тартқан дұрыс. Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ, медицина магистрі:

АНТИ­БИОТИК ІШУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

– «Омик­рон­нан» сақтану жол­дары коронавирус­тың басқа штамдарына ұқсайды. АҚШ пен Ұлыбританияда медициналық маскалар дұрыс қорғамайды деп, респираторларды пайдалануға көшкен. «Омикронның» белгілері тұмауға ұқсас. Бас ауырады, дене сыр­қырайды, 1-2 күн температура кө­тері­ле­ді. Одан кейін симптомдарының бәрі ке­тіп, шамалы әлсіздік қалуы мүмкін. Вирус­тан сақтану үшін әлеуметтік арақа­шық­тықты сақтап, үй жағдайында болған дұрыс. Вакцина алған адамдарда «омик­рон» жеңіл өтеді. Ауру белгілері білініп, тем­пература көтерілген кезде ең бірінші қызуды түсіру қажет. Мұндай жағдайда адам 10 күндей үй жағдайында оқшаулануы тиіс. Мүмкіндік болса жатып демалған дұрыс. Вирусқа қарсы антибиотиктерді ішу­дің қажеті жоқ. Жеткілікті мөлшерде сұйық ішкен жөн. Ал ентікпе пайда болып, дем жетпей жатса міндетті түрде 103-ке ха­барласу керек. Баян ТҰРДАЛИНА, Астана медицина университетінің доценті:

ВАКЦИНА АЛМАЙ, ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАС­ПАЙДЫ

– Коронавирустың қай штамы болса да, алдын алу мен сақтанудың басты қаруы – вакцина алу. Осы вакцинаны қайта-қай­та ай­та бересіздер деуі мүмкін, бүкіл ме­ди­ци­на ұжымы оны қайталаудан еш шар­ша­майды. Өйткені аурудың алдын алудың жо­лы – ұжымдық иммунитет қалыптас­тыру, ол үшін вакцина алу керек. Вакцина ал­ғандардың да ауырып жатқаны рас. Яғни, о баста айтылғандай, вакцина ауру­дан 100 пайыз қорғай алмайды. Дегенмен вак­цина алғандар саны артпай, ұжымдық им­мунитет қалыптаспай, жаңа штамдар тара­ла береді. Сол үшін де вирустың алдын алу­дың басты жолы – тек қана екпе алу. Бар­лық сақтану жолдары бір – оқшаулану мен санитарлық-эпидемиологиялық нор­ма­ларды сақтау арқылы вирустың та­ралуын тоқтата аламыз. Сондай-ақ «омик­рон» штамының басқалардан көбірек байқалған белгісі – буын, бұлшықет, сүйек­тердің қақсап ауруы. Яғни, дене қызуы болмауы да мүмкін, бірақ басты симп­томдардың бірі ретінде буын, сүйек, де­ненің қақсап ауруын, айқын әлсіздікті жә­не құрғақ жөтелді ерекше айтуға бо­лады. Үй жағдайында емделгенде ересек адам­дар 1,5-2 литр су ішуі керек. Майсыз, қуы­рыл­маған тамақтар мен сорпаларды тұтын­ған дұрыс. Ал дене қызуы көтерілсе, симптомдарына қарай препараттар қабыл­даған жөн.

Дайындаған Көктем ҚАРҚЫН