"Қазгидромет" РМК 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, батыс антициклон жотасының әсерінен, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, Қазақстан бойынша тұман, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі. Тек батыста, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ 24 қаңтарда елдің орталығы мен шығысында, оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын болады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
"Республиканың батысындағы ауа температурасының негізгі аясы: түнде -3...-18, күндіз -1...-13 градус аяз, Маңғыстау облысында күндіз 2...7 градус жылу болжанады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде -18...-28, күндіз -10...-20 градус аяз болады. Орталық пен шығыста түнде -8...-26, күндіз -5 ...-20 градус аяз. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 2-20, күндіз 5 аяз — 5 жылу", - делінген хабарламада.