Әлімханұлының жекпе-жегін неге кейінге қалдырды?
Әлімханұлының жекпе-жегін неге кейінге қалдырды?
Фото: kaz.tengrinews.kz
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO)  қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін күнді тағы өзгертті. Басында 14 қаңтарға белгіленген жекпе-жек бір аптадан кейін өтетін болған. "Пуэрто-Рикодағы COVID-19-ға қатысты қазіргі жағдайға байланысты чемпион Деметриус Андраденің Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек күнін ауыстыруға мәжбүр болды. Енді кездесу 28 қаңтар, жұма күні сағат 11:00-де Сан-Хуандағы WBO бас кеңсесінде өтеді", – деп хабарлайды ұйым.