«Балаларды қысқа киіндірейік!» акция аясында 278 бала қысқы киім алды
«Балаларды қысқа киіндірейік!» акция аясында 278 бала қысқы киім алды
291
оқылды

Елордада «Балаларды қысқа киіндірейік!» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараны Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры, оның еріктілері мен Jas Otan Жастар қанатының белсенділері ұйымдастырды. Бас демеуші «Ғабит Сатмағамбетовтың» қайырымдылық қоры» жеке қоры болды.      

Biz Birgemiz Qazaqstan Төрағасы Қайрат Перизаттың айтуынша, аталған акция Президенттің бастамасын қолдау мақсатында өткізілуде. «Мемлекет басшысы өзінің жаңа жылдық үндеуінде 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауды ұсынып, «өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті. Biz Birgemiz Qazaqstan бірінші кезектегі міндеті ерекше балаларды және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларын әлеуметтік қолдау болып табылады. Өткізілетін іс-шаралар мен акциялардың көпшілігі осыған бағытталған. Бүгінгі акция да соның дәлелі», – дейді ол. балалар Өткізілген акция аясында 100 ерекше бала – «Батыр» ҚБ тәрбиеленушілеріне қыс мезгіліне жылы киімдер берілді. «Ғабит Сәтмағамбетов» жеке қорының директоры Айнұр Оспанқызы атап өткендей, киімдер әр баланың жеке сұранысына сәйкес сатып алынды: «Бүгін біз Biz Birgemiz Qazaqstan бірлесіп кезекті қайырымдылық іс-шараны өткізіп жатырмыз. Бұған дейін қайырымдылық кеші, жаңа жылдық ертеңгілік және басқа да көптеген акциялар өткізілді. Ал қазір балаларға қысқы жылы киімдерді: күртеше, худи, аяқ киім және т.б. табыстаймыз. Әрбір бала өзіне қажетті киімді алғанын атап өткім келеді», – дейді Айнұр Оспанқызы. Айта кету керек, акция қорытындысы бойынша 278 бірлік қысқы киім таратылды, атап айтқанда, елордада – 100, Ақмола облысында – 100 және Алматы қаласында –  78. Алматыда киім елдегі соңғы оқиғалар кезінде зардап шеккен аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді.