Алматы облысында биодәретханадан граната табылды
Алматы облысында биодәретханадан граната табылды
Фото: liter.kz
180
оқылды
Алматы облысында әйел қоғамдық биодәретхананы тазалау кезінде гранатаға ұқсас затты тапты, – деп жазады Liter.kz. Аймақ полициясы табылған затты құқық қорғау қызметтері қолданатын граната екенін растады. Енді оны тексереді. Факт ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).