Танымал журналисті өлтіруге 5 млн теңге берген шенеунік ұсталды
Танымал журналисті өлтіруге 5 млн теңге берген шенеунік ұсталды
Фото: exk.kz
169
оқылды
Түркістан облысының Полиция департаменті журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік екенін растады, –  деп хабарлайды Zakon.kz. 3 қаңтарда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында танымал журналистің үйіне шабуыл жасалып, салдарынан оның баласы зардап шеккені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады.
Сол күні полиция бұл фактіні тіркеп, Қылмыстық кодекстің 24-99-баптары "адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмысты ашуда бірқатар нұсқаны негізге алдық. Журналистің кәсіби қызметіне байланысты осы қылмыстың жасалуы мүмкін екені де ескерілді. Кейіннен осы нұсқа расталды, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков
Тергеу барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір осы қылмысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстадық. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмысты жасағаны үшін алған ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді, – дейді ол.
Полиция департаменті бастығының айтуынша, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі қылмысқа тапсырыс берген. Бірақ оның аты-жөні айтылмады.
Тапсырыс беруші журналисті өлтіру үшін 5 000 000 теңгеге келіскен. Қылмысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында тапсырысты орындап, Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке барған, – дейді Қайрат Дәлбеков.