"Бұл игі істі жалғастыра береміз. Тегін нан алғысы келетіндер қатары артып келеді. Мысалы бүгін келгендердің көбісі өзге шағын ауданның тұрғындары. Біз барлығына жетерліктей тапсырыс беріп отырамыз. Алдағы аптада тегін берілетін бөлкелер санын тағы көбейтеміз", – деді кәсіпкер Светлана Багмут.Дүкен иесінің айтуынша қайырлы істі жасауға оның жұбайы түрткі болған. Түркімен азаматының игі бастамасын, үзбей келе жатқанын жеткізді. Бірнеше жыл бұрын Светлананың қосағы ауыр дертке шалдығып, ота жасатыпты. Қазір денсаулығы тәуір. Оның аяғынан тік тұрып кетуіне әуелі Жаратқан, одан кейін осы көпшіліктің ақ батасы медет болды деп санайды. Сондықтан сауапты істі сабақтай береміз, дейді қайырымды кәсіпкер. https://www.youtube.com/watch?v=X62HYBjiB4k&feature=emb_title
Қостанайлық кәсіпкер 5 жылдан бері тегін нан таратып келеді

81
оқылды
оқылды