«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастауыш партия ұйымы төрағалары мен филиал қызметкерлерінің идеологиялық сүйемелдеуге байланысты отырысы өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісіндегі үндеуі мен «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындау барысындағы негізгі міндеттері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша партия филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов арнайы баяндама жасап, «Ақтас» бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Төлендиев пен «Білім және ғылым» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары С.Мәжінбеков сөз сөйледі. – «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел мүддесі жолындағы тапсырмаларын сапалы орындалуына барлық күш-жігерін салу. Осы орайда 800 мыңнан астам партияластың басын біріктірген, еліміздегі негізгі саяси күш саналатын «Nur Otan» партиясының мүмкіндіктері жетерлік. Бес жылға дайындалған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты да тұрғындардың лайықты әрі сапалы өмір сүруін қалыптастыру болатын. Сондықтан алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын партияның сайлауалды бағдарламасымен ұштастыра отырып орындау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деді Ж.Бектаева.
Әбілмансұр ЖАСАН