Қазақстан атынан жеті шаңғышы сынға түседі

Қазақстан атынан жеті шаңғышы сынға түседі

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан жеті шаң­ғышы сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Александр Батяйкин мә­лімдеді. Қысқы ойындарда екі ер адам мен бес әйел адам сынға түседі. Жарыс жолына Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко шы­ғады. «Команда құрамы бекітілді. Бейжіңге Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко аттанады. Бапкерлер құрамына мен, Владимир Борцов пен Андрей Невзоров енді. Алғашында сегіз жолдама аламыз деп жоспарлағанбыз. Алайда бір квотаға қолымыз жеткен жоқ. Мен ерлер мен әйелдер арасындағы екі эстафетаға да қатысамыз деп ойлағанмын. Біз пандемия мен шектеулерге байланысты біраз турнирге қатыса алмадық. Тек қана Германияның Оберстдорф қаласында өткен әлем біріншілігінде бақ сынадық. Олимпиадада біздің спортшылар барлық қашықтықтар бойынша сынға түседі. Тек эстафетадан сырт қаламыз. Қазір команда мүшелері Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олим­пиадаға 29 қаңтар күні ұшып барамыз», – деді Батяйкин.

А.ЖАСАНҰЛЫ