Ақтөбеде телефонын тартып алған 6-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде телефонын тартып алған 6-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
284
оқылды

Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарши ауылындағы оқушының әрекеті, қалың көпшілікке ой салды. Туған апасына ренжіп, өзіне пышақ тығып алғанын түсіне алар емес. Келеңсіз оқиғаны аудандық білім бөлімі басшылығы растады. Жеткіншек қазір аудандық ауруханада ем алып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Темір аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, оқыс жағдайға отбасылық жанжал себеп болған. Жарақат алған оқушы Шұбарши орта мектебінің алтыншы сыныбында оқиды. Оның үлкен әпкесі, сіңілісіне телефоныңда таста деп ескерту жасаған.
"Әпкесі сіңлісіне сабақ оқу туралы айтып, телефонын алып қойған. Бала соған жауап ретінде осылай жасаған. Өзіне пышақ сұғып алған. Дәрігерлермен барып сөйлестім, 1 см тілік болған екен", - дейді Теміртау аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмагерей Наурызғали.
Абырой болғанда жасөспірімнің өміріне төнген қауіп сейілlі. Қазір аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер ота жасалғанын айтты, жағдайы бірқалыпты деп бағалауда. Отбасында төрт қыздың ең кішісі, сабақ үлгерімі жақсы. Отбасының әлеуметтік жағдайы да жаман емес. Ата-анасы кәсіпкерлікпен айналысады, дейді аудандық білім бөлімінің басшысы. Оқушылардың әлеуметтік желіге, агрессивті ойындарға қаншалықты әуестігін анықтау үшін қазір аталған мектепте психолог мамандар жұмыс бастаған. Ал, психолог Арайлым Амангелдіқызы жасөспірімдердің бұндай қадамға баруына ересектердің әрекеті себеп дейді.
"Телефонға үйірлік дегеніміз бұның бәрі біздің ересектердің қолында тұрған ереже. Мысалы біз балаға телефонды ұстама дейміз де, өзіміз ұстаймыз. Тамақ ішіп отырған кезде, болмаса бала қасыңызға келіп, теледидар қарап отырған кезде біз телефонда отырған жағдай болады. Оны барлық ата-ана өтірікке келтіре алмайды. Ол рас дүние. Сондықтан, балаға үлгі болуымыз керек", - деді психолог Арайлым Амангелдіқызы.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодексінің 105-ші «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.