Жаппай тәртіпсіздік: ұсталған азаматтардың құқығы қорғалады
Жаппай тәртіпсіздік: ұсталған азаматтардың құқығы қорғалады
Фото: stan.kz
158
оқылды
Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған азаматтардың құқығы заң аясында қорғалатынын мәлімдеді.  Адам құқықтары жөніндегі уәкіл еліміздің 12 өңірінде тергеуге алынып, қамалғандарды ұстау жағдайын тексерген: 12 тергеу изоляторы, 67 УҰИ және АПБ арнайы үй-жайына барды. Сонымен қатар прокуратура жағдайды бақылап  отыр. «Тергеу мекемесіне жеткізілген барлық адам міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда оларға тиісті ем-дом тағайындалады», – деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз жиынында. Оның айтуынша, стационарлық емдеу қажет болған жағдайда пациент ауруханаға жіберіледі. Комитетте және барлық өңірлік департаменттерде call-орталық жұмыс істейді. Орталыққа хабарласу арқылы сіз қамауға алынған адамдар туралы және өзге ақпарат алуға болады. Адвокаттардың осы орталық арқылы мәлімет алу мүмкіндігі бар. «Азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға қатысты барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр», – дейді ол.