7 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Фото: news.ykt.ru

Қазгидромет 23 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

23 қаңтарда Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23-24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. 24 қаңтарда шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 23-24 қаңтарда кей жерде тұман күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.