Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді. «Спутник Лайт» вакцинасы ревакциналауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Вакцина осы жылдың 24 қаңтарынан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады. Ревакцинациялау вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. «Спутник Лайт» – векторлы вакцина, оның құрамы «Спутниктің» бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны минус 18 градуста сақтау қажет. Алматыда ревакцинацияға арналған мына вакциналар бар: QazVac, VeroCell және «Спутник Лайт». Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады.