Таразда бір күнде 52 қару табылды
Таразда бір күнде 52 қару табылды
174
оқылды
Тараз қаласында 19 қаңтар күні заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәріні іздеу кезінде қала аумағынан 52 қару табылды. Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 «аңшы мылтығы», 11 «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді. Тәркіленген қару-жараққа қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.