"Зомби туралы қорқынышты фильмдегідей" – Алматылық жедел уәкіл полиция ғимаратын қалай қорғағандарын айтты
"Зомби туралы қорқынышты фильмдегідей" – Алматылық жедел уәкіл полиция ғимаратын қалай қорғағандарын айтты
190
оқылды
Алматы полициясының майор шеніндегі жедел уәкілі полиция ғимаратын қалай қорғағанын айтып берді. Полиция майоры тәртіпсіздіктер 5 қаңтар күні түстен кейін «Алматы Арена» маңында басталғанын еске алды.
«Арнайы жасақ қызметкерлері өте агрессивті жұртты тыныштандыруға тырысты. Олар от жағып, көшені жауып тастады. Олардың мас күйінде екені көрініп тұрды. Қалай болғанда да, біз оларға жақын болдық, зомби туралы қорқынышты фильмдегідей көздері қызарып кеткен. Олар: «әкімдікке барайық» деп айқайлай бастады. Артынша бұл топ түгелдей әкімдікке қарай бет алды. Соққыға ұшыраған, физикалық зорлық-зомбылық көрген, киімдері жыртылған полиция қызметкерлерін көрдік. Шерушілер олардың шлемдерін, сауыттары мен қалқандарын алып алған. Олар барлық көлікті, соның ішінде жедел жәрдемді де тоқтатып, ішінде полиция қызметкерлері бар-жоғын тексерді. Тіпті, жүксалғышты ашуға мәжбүр етті. Біз полиция қызметкерлерін ол жерден қалай да алып кету керек деп шештік», – деп еске алды полицей.