Тұрғынның өтінішін орындап, жұмысқа орналастырды
Тұрғынның өтінішін орындап, жұмысқа орналастырды
Фото: astana.gov.kz
186
оқылды
Аудандық партия филиалына  Кеңкияқ ауылының тұрғыны Ақсәуле Өсербаева өтініш білдірген болатын. Ол – 3 топ мүгедегі. Мамандығы – есепші.  «Кеңкияқ ауылдық округі» ММ-де бірнеше рет жұмыс сұрап, өтінішпен барған. Алайда мәселе шешілмеген. Аталған мәселе жөнінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұрғалиев өтінішін толық тыңдап, мүмкіндігіне қарай «Кеңкияқ» СК мекемесі басшысымен сөйлесті. Осыдан кейін тұрғын «Кеңкияқ» СК мекемесіне есепші болып қызметке орналасты. Өтініш иесі партия филиалына алғысын жеткізді.