Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды
Түркістан облысында журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің кім екені белгілі болды
Фото: regtv.kz

Түркістан облысында журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік ұсталды, деп жазады КТК арнасы.

Мәлімет бойынша, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов өзі туралы мақала жазғыш Амангелді Батырбековті атуға адам жалдаған. Ол үшін қол астындағы қызметкерге қомақты ақша да беріпті. Бірақ делдал қызметін атқарған адам қылмысқа жас жігіттерді тартқан. Сондықтан киллер шатасып, тілшінің баласын атқан. Көп ұзамай ұсталған жалдамалы жендет тапсырыс берушінің кім екенін жайып салған. Осы оқиға бойынша қазір шенеунікпен қосқанда бес күдікті қамауға алынған.
- Шенеунік журналистің өмірін 5 миллионға бағалаған. Яғни орындаушылар тапсырма орындап, қылмыстың ізін суыту үшін Шардара арқылы Арыс қаласы, Арыстан ары қарай Шымкентке жеткен. Айғақты зат ретінде жеңіл «ВАЗ» автокөліктері алынды. Оны қылмыстық жолмен тапқан ақшаға алынғаны дәлелденді. Сонымен қатар 16-шы калибрлі патрондар алынып отыр , – дейді Түркістан облысы ПД бастығы Қайрат Дәлбеков.