Елордада жастар өзара келіспей қалып, жігіт бойжеткенге қысым көрсеткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 қаңтар күні «102» желісіне Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар белгісіз біреудің бойжеткенді 14-қабаттан итермек болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына инспекторлар Дархан Шөкенов пен Дархан Әбдікеев барып, алдын алу үшін шұғыл шара қабылдады.«Анықталғандай, өзара келіспеушіліктен кейін 23 жастағы жігіт 22 жастағы қызға қысым көрсеткен. Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Бойжеткенге медициналық-психологиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.Сондай-ақ, күдіктінің қолында ойыншық пистолеттің болғаны анықталды. Болған оқиға бойынша қастандық жасалды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.