Алматы әкімдігінің берген мәліметінше, қайғылы оқиға "Таугүл-1" шағын ауданында сағат 10.40 кезінде болған. «Мирас Констракшн» ЖШС мердігерлік ұйымы ЖК Star Rent компаниясынан кранды жалға алған.
Мерт болған краншы - осы техниканы жалға беруші компанияның жұмысшысы."Марқұм 1973 жылы туған Майнов Б.С. деген азамат. Ол кран құлаған сәтте ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көмегі жеткенше көз жұмды", - деді әкімдіктегілер.Алдын ала дерек бойынша, кран құрылысы дұрыс жұмыс істемегендіктен құлаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салсақ, Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.