UFC-дің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды
UFC-дің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды
Сурет: championat.com сайтынан

Ауыр салмақтан UFC чемпионы франциялық Фрэнсис Нганну отандасы, уақытша чемпион белдігінің иегері Сирил Ганды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Анахаймдағы (АҚШ) UFC 270 турнирінің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды - 48-47, 48-47 және 49-46. Бұл оның - ММА-дағы 16-жеңісі. Париждік екі файтер бұрын бірге дайындалған. Алаңның бұрышында оның бұрынғы жаттықтырушысы Фернан Лопес болды. Ол Нганнуды менмен, сыйламайды деп айыптаған еді. Осы жекпе-жекке дейін 35 жастағы Нганну қатарынан бес рет жеңіске жетті. Ал 31 жастағы Ган чемпиондық жекпе-жектен бұрын ММА-да және UFC-дегі жеті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Фрэнсис он айдан кейін оралып, бұл белдікті алғаш рет қорғады. Ал Ган кейінгі 11 айда төртінші жекпе-жегін өткізді.