"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 9,9 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын тіркеді, - деп хабарлайды і Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 16.01-де тіркелді.
"Алматыдан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Алматы облысы аумағында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0. MPV магнитудасы - 3.1. Оның бағыты солтүстік ендік бойынша - 43.11 градус, шығыс бойлық бойынша - 76.90 градус. Тереңдігі - 10 шақырым. МСК-64 шкаласы бойынша мәліметтер жоқ", - деді "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ өкілі.