Германияның Оберстдорф қаласында мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ерлер арасында жекелей сайыс бойынша Қазақстан сапынан Рахат Бралин қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. Қос бағдарлама нәтижесінде Бралин 140,25 ұпайы жинады. Жарыс қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш отандасымыздың турнир кетесінде бесінші орынға жайғасуына мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, аталған дода польшалық Владимир Самойлов топ жарды.