Жас атлеттер ел қоржынына екі медаль салды
Жас атлеттер ел қоржынына екі медаль салды
137
оқылды
Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық жас атлеттер ел қоржынын екі медальмен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтықт бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.