Facebook-те депутатты ақымақ деп айыптаған тұрғын қоғамдық жұмыс істеп, айыппұл төлейтін болды, – деп жазады «Диапазон» басылымы.
Даудың басы Білім басқармасының Facebook-та жазба жариялауынан басталған. Жазбада Ауылшаруашылық колледжінің директоры болған Амангелді Есіркеповтің (облыстық мәслихат депутаты – ред.) былтыр жазда зейнетке шыққаны жазылған. Сол жазбаға қатысты ақымақ деп пікір жазған адамды депутат Есіркепов сотқа берген.Сот жанжалдың ақ-қарасын анықтап, оқытушының кінәсін дәлелдеді. Енді депутатты балағаттаған тұрғын 50 сағат қоғамдық жұмыс істеп, Есіркеповке 100 мың теңге моральдық шығынды төлеуі тиіс.
Сондай-ақ осы істің жай-жапсарын анықтаған заңгерлердің 500 мың теңге шығынын да өтеуге міндетті.