Дәретханаға құлап кеткен баланы құтқарды
Дәретханаға құлап кеткен баланы құтқарды
Фото: yandex.kz

Түркістан облысында бала әжетханаға құлап кеткен. Оқыс оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елдімекенінде болды. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Үйдің ауласындағы тереңдігі 4 метр дәретханаға 6 жасар бала құлап кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен 3 жедел жәрдем қызметкері барды. Құтқарушылар арқан арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне қайтты. Баланың денсаулығы бірқалыпты.

Бұған дейін дәретханаға батып кеткен балаларды құтқарған полицей туралы жазған болатынбыз.