Бүгіннен бастап Алматыда қақтығыс кезінде зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленеді
Бүгіннен бастап Алматыда қақтығыс кезінде зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленеді
Фото: tengrinews.kz
194
оқылды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты.

Алматыда тәртіпсіздік кезінде мемлекеттік орган, ауруханалар мен БАҚ-тың 603 қызметкері зардап шеккен.
Оның ішінде, құқық қорғау органдарының – 592, Төтенше жағдайлар департаментінің – 1, жергілікті атқарушы органдардың – 3, «Алматы» телеарнасының  – 1, медициналық ұйымдардың 6 қызметкері бар. Барлығына өтемақы төленеді.
Ауыр жарақат алғандар – 2 млн теңге, орташа дәрежеде – 1 млн теңге, жеңіл жараланғандарға 500 мың теңге төленеді. Сондай-ақ қалада төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген Полиция департаментінің – 3878, Төтенше жағдайлар департаментінің – 1207, Қоғамдық денсаулық басқармасының – 3888 және 93 құтқарушыға 100 мың теңгеден қаржылай көмек беріледі.

Бүгіннен бастап төлемақыға тиісті құжаттар қазынаға жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады.