Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлық online.zakon.kz порталында жарияланған. Елімізде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды. Мемлекет басшысы Жарлыққа 19 қаңтарда қол қойды. Сол күні елімізде Қорғаныс министрі ауысты. Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда әскери барлауды күшейту керек екенін, ол ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіптер туралы уақытылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.
"Маңызды міндет Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған Арнайы операция күштерінің қолбасшылығына жүктеледі. Оның алдында барлық ұйымдастыру шарасын қысқа мерзімде қабылдау және басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп арнайы операцияларды орындауға әзірлікті қамтамасыз ету міндеті тұр", – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі 19 қаңтарда.Бұған дейін Қорғаныс министрі тағайындалғанын жазған болатынбыз.