Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады
258
оқылды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде қатты тұман болатынын ескертті.
25-27 қаңтар аралығында Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде қалың тұман болады деп күтіледі. Сонымен қатар, синоптиктер Қызылордада – 25 қаңтарда, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда тұман түседі деп болжайды. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.