Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Әкімдіктің ұрланған мүліктері табылды

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қаңтар 25, 2022
ұрланған мүлік
93
қаралым

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде біраз қаланың әкім­дігіне залал келді. Тонаушы­лардың біразы бейнекамера­ға түсіп қалған. Соның арқасында қарақшыларды тауып, қолды болған мүліктер тәркіленіп жатыр. ІІМ Алматы облысы әкімдігінің ғимаратынан техника ұрлаған күдікті­лердің ұсталғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған кезекті ұрлықты ашты. Алматы облысының Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қалалық Полиция басқарма­сы­ның қызметкерлерімен бірлесіп, бүлік кезінде облыс әкім­дігі ғимаратын тонаған күдікті­лерді анықтады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласының 41, 37 және 24 жас­тағы үш тұрғыны ұсталды. Олар 5-7 қаңтар аралығында облыстық әкімдік ғимаратына заңсыз кіру арқылы тұрмыстық техниканы ұрлаған деген күдікке ілікті. Олар екі тоңазытқыш, екі кондиционер, мультипісіргіш, кеңсе креслосын, су сорғысын және басқасын ұрлаған», – деді Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Найзабасов.

Оның мәліметінше, күдікті­лерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктілер кінәсын мойындаған, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Ерік ЕРДЕНОВ

Тегтер: әкімдікжаппай туртіпсіздіккүдіктілер ұсталдытонаушыларұрланған мүлік

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жүк көлігіне тиелген 10 тонна өсімдік майы өртеніп кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»