Кеше «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Күн тәртібінде үйлестіру кеңесі «Бизнестің Жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі 4 жобаны қарастырды. Олар – «Масакпай Инвест» ЖШС, «Ақжар Өндіріс» ЖШС, «Бастаушы-AGRO» ЖШС және «КХ «Лидер PVL» ЖШС. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында инвестициялық жобаларды тарту – басты шарттың бірі»,– деді филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко. 2021 жылы Павлодар облысында шамамен 305 миллиард теңге инвестиция тартылды. Олардың есебінен 4 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 12 ірі жоба іске асырылды. Тек аграрлық секторда ғана 30 инвестициялық жоба қосылды.