Енесін тонаған келін ұсталды
Енесін тонаған келін ұсталды
Фото: newsorel.ru
147
оқылды

Енесінің бағалы зергерлік бұйымдарын тонаған келін ұсталды, – деп жазады polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің келіні үйде ешкім жоғын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 000 теңге тұратын алтын бұйымдар мен 100 АҚШ долларын жымқырғанын жазып көрсеткен.
Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, енесінің заттарын ұрлаған 34 жастағы әйелді бір жарым тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді.
Тергеуде келін ұрлыққа үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Ұрлаған заттарын сатып жіберген. Тергеу жүргізіліп жатыр.