Талғат Жақан жаңа қызметке тағайындалды
Талғат Жақан жаңа қызметке тағайындалды
Фото: yandex.kz
210
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), экономист. Дипломатиялық академияның Төтенше және өкілетті өкілдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткен. 1987 жылы ҚазКСР Көкшетау облыстық мұнайөніммемком басқармасының Қызыл ту аудандық мұнай базасында бас бухгалтерінен тәжірибеден өткен. 1988 жылы – Қазтұткеңес Республикалық есептеу орталығының есептеуіш техникасын енгізу Бөлімінің экономист-инженері (Алматы қаласы). 1991 жылы – «Қазкоопиақпарат көмек» кіші енгізушілік кәсіпорнының директоры (Алматы қ.). 1992 жылы – ҚР қаржы Министрлігі жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетінің басқарма бас бақылаушы-ревизоры (Алматы қ.). 1996 жылдан – ҚР СІМ валюталық-қаржы департаменті бас маманы, валюталық операциялар бөлімінің бастығы, 2001 жылы – директорының орынбасары. 2007 жылдың шілде айынан – ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 жылдың қазан айынан – ҚР Парламент Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары. 2010 жылдың шілде айынан бері – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінде еңбек еткен.