«Астана Опера» күн сайынғы ізденісте
«Астана Опера» күн сайынғы ізденісте
Астана Опера
172
оқылды

10-шы мерейтойлық театрлық маусым қарсаңында «Астана Опера» әртістер ғана емес, шымылдықтың ар жағындағы шеберлердің жеткен жетістігі айтылмақ. Мысалы, сахнаны декорациясыз елестету мүмкін емес, талғампаз көрерменге спектакльдің мағынасын беруде қиқымдай зат та рөл атқарады.

-Біздің жұмысымыз ауқымды, командалық, нағыз кәсіби мамандар атқаратын іс. Ол  сценографиялық жобалар мен қойылым жұмыстарын іске асыру басқармасы бөлімінен бастау алып, одан әрі театр цехтарында, оның ішінде қалпына келтіру-өңдеу цехында жүзеге асып, дайын жобаларға қол жеткіземіз. Әр спектакльге декорация элементтерін дайындамас бұрын біз жобалар мен қоюшы режиссерлердің талаптарын зерттейміз әрі қандай материалдарды қолдануға болатынын бағамдап-болжаймыз. Негізінен оларды жергілікті өндірушілерден алуға тырысамыз. Декорация элементтерін жасау үшін жеңілдетілген декорация технологиясын сақтау қажет, бұл процесс сахна механикасы мен жұмыс күшін мейлінше азайтады, - дейді қалпына келтіру-өңдеу цехының​ меңгерушісі Әділбек Шайкамалов. Оның айтуынша, Борис Асафьевтің  «Бақшасарай бұрқағы» қойылымының кейбір күрделі декорация элементтерін жасау үшін бірнеше ай кеткенін еске алды.​ [caption id="attachment_180866" align="alignnone" width="1200"]Астана Опера Астана Опера[/caption] -Бұл спектакльдің бірегейлігі шығыстың нақышына берілгенхореографиясында ғана емес, қойылым 2015 жылы заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерионың қиялынан туған ауқымды декорациялармен де тартымды. Осы үшін біздің цех бірнеше декорация элементтерін жасап шығарды. Нақтырақ тоқталсам, хан төсегі, Зарема, Мария, тұтқындағы әйелдердің кереуеттері, үстелдер және тағы басқа бұйымдар жасалды. Бірегей декорациялар көрнекті италиялық сценографтың тамаша сызбаларына сай орындалды, - деді цех меңгерушісі. Астана Опера Декорация элементтерін жасау кезінде цех қызметкерлері оның сапасына ғана емес,  гастрольдер кезінде тасымалдауға ыңғайлы болуына да мән береді. Ең аз дегенде декорациялар 4 жылға, ал ең көбі 12 жылға дейін жарамды. Сонымен қатар алыс гастрольдік сапарлар кезінде зақымдалған декорацияларды қалпына келтіру де аталған цехтың міндетіне кіреді. Осындай тосын жағдайлардың алдын алу үшін гастрольдік сапарларға театр әртістерімен қатар шымылдықтың арғы жағындағы шеберлер де бірге барады. Цех қызметкерлерінің осы уақытқа дейін сіңірген еңбектері орасан.  Ашық алаңдарда өткен қойылымдарды қоспағанда, цехтың 40 спектакльде өз қолтаңбасы бар. Айта кетейік, «Астана Опера» театрында техникалық қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыру мәселелері жақсы жолға қойылған. Мұнда отандық қана емес, шетелдік театр майталмандары да келіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Мәселен, жан-жақты ынтымақтастықтың нәтижесінде  ұжым атақты  сценографтар Эцио Фриджерио, Риккардо Массирони, Йоко Сеяма, Николас Георгиадис, Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов, костюмдер бойынша суретші және сценограф Манана Гуниямен және басқа да танымал  тұлғалармен бірге жобаларды жүзеге асыруда. [caption id="attachment_180868" align="alignnone" width="1200"]Астана Опера Астана Опера[/caption] Қалпына келтіру-өңдеу цехының барлық қызметкерлері өте талантты, жоғары білімді екенін атап өтуіміз керек. Негізгі жұмыстан бөлек, әр маманның өзінің шұғылданатын сүйікті ісі бар. Мәселен, Әділбек Шайкамалов пен Нұрсұлтан Жұмыр сурет салғанды ұнатады, ал Миржан Мырзағалиев мүсін жасайды. Шығармашылықтан шабыт алған шеберлер әр қойылымға жандарының бір бөлшегін салады және кезекті премьераны көпшілік қалай қабылдар екен деп қатты толқиды.