10-шы мерейтойлық театрлық маусым қарсаңында «Астана Опера» әртістер ғана емес, шымылдықтың ар жағындағы шеберлердің жеткен жетістігі айтылмақ. Мысалы, сахнаны декорациясыз елестету мүмкін емес, талғампаз көрерменге спектакльдің мағынасын беруде қиқымдай зат та рөл атқарады.
-Біздің жұмысымыз ауқымды, командалық, нағыз кәсіби мамандар атқаратын іс. Ол сценографиялық жобалар мен қойылым жұмыстарын іске асыру басқармасы бөлімінен бастау алып, одан әрі театр цехтарында, оның ішінде қалпына келтіру-өңдеу цехында жүзеге асып, дайын жобаларға қол жеткіземіз. Әр спектакльге декорация элементтерін дайындамас бұрын біз жобалар мен қоюшы режиссерлердің талаптарын зерттейміз әрі қандай материалдарды қолдануға болатынын бағамдап-болжаймыз. Негізінен оларды жергілікті өндірушілерден алуға тырысамыз. Декорация элементтерін жасау үшін жеңілдетілген декорация технологиясын сақтау қажет, бұл процесс сахна механикасы мен жұмыс күшін мейлінше азайтады, - дейді қалпына келтіру-өңдеу цехының меңгерушісі Әділбек Шайкамалов. Оның айтуынша, Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» қойылымының кейбір күрделі декорация элементтерін жасау үшін бірнеше ай кеткенін еске алды. [caption id="attachment_180866" align="alignnone" > Астана Опера[/caption] -Бұл спектакльдің бірегейлігі шығыстың нақышына берілгенхореографиясында ғана емес, қойылым 2015 жылы заманымыздың көрнекті сценографы Эцио Фриджерионың қиялынан туған ауқымды декорациялармен де тартымды. Осы үшін біздің цех бірнеше декорация элементтерін жасап шығарды. Нақтырақ тоқталсам, хан төсегі, Зарема, Мария, тұтқындағы әйелдердің кереуеттері, үстелдер және тағы басқа бұйымдар жасалды. Бірегей декорациялар көрнекті италиялық сценографтың тамаша сызбаларына сай орындалды, - деді цех меңгерушісі.