Нұр-Сұлтанда балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алан» балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы «білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Биылғы жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.Бұған дейін әлеуметтік желілерде баланы ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын.