Қытайда соңғы бір тәулікте коронавирустан 43 адам қайтыс болды
Қытайда соңғы бір тәулікте коронавирустан 43 адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
247
оқылды
ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша,  Қытайда өткен тәулікте 2019-nCov коронавирусының жаңа үлгісінен 43 адам қаза тапқан. Вирусты 1982 адам жұқтырған. Дерттен 43 адамның 42-сі коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясында, оның ішінде, Уханьда 30 адам қайтыс болған. Одан бөлек, тағы бір адам Ресеймен шекараласатын Хэйлунцзян провинциясында көз жұмған.
Соңғы дерек бойынша, Қытайда 9692 адам коронавирус жұқтырған.
Қайтыс болғандар саны – 213 адам. 171 адам ауруханадан емделіп шыққан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 100 мыңнан астам адам карантинде.