26 қаңтарда Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтілуде. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, шығыс бөлігінде түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде Петропавлда жаяу бұрқасын күтілуде. Түркістан облысының оңтүстігі, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Сол күні түнде және таңертең Шымкентте тұман түседі. Түнде және таңертең Түркістанда тұман болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтілуде, ал солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оралда түнде және таңертең тұман болады. Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысы мен орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғып, күндіз солтүстік-батыс пен орталығында жел екпіні 25-20 м/с дейін жетеді. Павлодар облысының батысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.