"Қазпошта" қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге тиеслі қаржыны 5 жыл бойы жымқырған
"Қазпошта" қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге тиеслі қаржыны 5 жыл бойы жымқырған
Фото:gov.kz
Қарағанды ​​облысында қарттар үйінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы жымқыру схемасы әшкере болды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазпошта» филиалы 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны иелеген. Биыл 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қылмыскерлер 1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде, қылмыс үстінде ұсталды. Бұл ақша биыл қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.