Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) су спорты түрлерінен әлем чемпионатын 2023 жылға шегерді. Алғашында турнир 2021 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткендіктен, әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды. Әлемдегі коронавирус инфекциясы турнирдің өтуіне тағы кедергі болып тұр. Енді әлемдік ұйым Фукуокадағы (Жапония) әлем біріншілігін 2023 жылға шегеріп отыр.
Ә.ЖАСАН