Еуро-2022: Екі ойыншы Италиямен өтетін ойынға қатыспайды

Еуро-2022: Екі ойыншы Италиямен өтетін ойынға қатыспайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Шыңғыс Есенаманов пен Альберт Акбаликов Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясындағы Италияға қарсы ойынға қатыспайды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

– УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншы Альберт Акбаликов Словениямен өткен кездесуде қызыл қағаз алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды. Өкінішке қарай, шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Оның қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) каратинде болады, – деп жазды ҚФФ.