Телеарна мәліметінше, күдіктілер 25 қаңтарда ЛА-155/18 тергеу абақтысынан босатылған. Тағы төртеуі емделіп жатқан ауруханадан шығарылды. Қазір 11 адамның бәрі үйқамаққа алынды.
Бүгінгі күні 11 адам шығарылды: жетеуі тергеу изоляторынан, тағы төртеуі ауруханадан. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы шешім шығарылды. Әрине соталды тергеу жұмыстары жалғасады. Қорытынды бойынша шешім қабылданады, – деді заңгер, «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Мәди Мырзақараев.Алматыда 240-қа жуық күдікті қамауда отыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оларға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдету, құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмыстары жалғасады. Бірақ бұл жұмыс тек бейбіт митингілерге шығып, заң бұзбағандарға қатысты.