Бүгін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша - "Самұрық-Қазына" АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру қолға алынды; - ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілді; - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания 70 млрд теңге бөлді.