Алматыда үш қабатты ғимарат отқа оранды
Алматыда үш қабатты ғимарат отқа оранды
Алматыда Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. 3 қабатты үйдің шатыры мен мансарды ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа өршу қауіпі туындады. Өрт орнында оңтүстік және солтүстік жағынан 2 өрт сөндіру бөлімі құрылды: Өрт оқпандары енгізіліп, 50 метр қашықтықтағы өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, осылайша үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 21:05- толық сөндірілді»,- хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды.