Ұлыбритания қазақстандық вакцинация паспортын мойындады
Ұлыбритания қазақстандық вакцинация паспортын мойындады
Ұлыбритания Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы Ұлыбританияның ресми сайтында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Әлемдік нарықпен байланысты одан әрі қалпына келтіреміз. 11 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап Қытай мен Мексиканы қоса алғанда, тағы 16 елдің вакцинация паспортын мойындаймыз. Осылайша, жалпы тізімге бүкіл әлем бойынша 180-нен аса ел мен аймақ кіреді. Мемлекеттер мен аймақтардың толық тізімін gov.uk сайтынан табуға болады", - делінген сайтта.
Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцинация паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.
"Қазақстан бұл тізімге 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 4:00-де қосылады. Вакцинация мәртебесі вакцина паспорттарымен расталады", - делінген хабарламада.