Терроризмге қарсы іс-шаралар ҰҚК қызметкерлері "А" арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыруда. Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды.
"Ұстау кезінде күдіктілерден қару-жарақ (ПМ, маркалы тапаншалар, шолақ мылтық, патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді. Арнайы және құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары жұмысына түсінікпен қарауыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз", - деді Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап 27 қаңтардың сағат 00: 00 уақытына дейін Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының аумағында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.