Коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде тағы 14 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 25 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 106 жағдайы анықталды, 2 адам қайтыс болды. Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 25 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 846 дерегі тіркелді. 5 253 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 13 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 13 652. 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 192 211 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 177 адам.