Еркін Тұқымов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

Еркін Тұқымов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.