Роман Василенко СІМ орынбасары болып тағайындалды
Роман Василенко СІМ орынбасары болып тағайындалды
Фото: Сыртқы істер министрлігі
156
оқылды
Роман Василенко сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әлімбаев Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.