Қазақстандықтар жалға алатын баспана құнының 50%-ын мемлекет төлейтін болады
Қазақстандықтар жалға алатын баспана құнының 50%-ын мемлекет төлейтін болады
© azattyq-ruhy.kz
205
оқылды
Қазақстандықтар жалға алатын баспана құнының тең жартысы мемлекеттен өтелетін болады, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.  Министрлік тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының «50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді» қағидатына негізделеді. Мұндай төлемдер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген көлемінен аспауы керек. Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың жан бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды. Өтініш берушілер үшін мынадай негізгі талаптар қойылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы; 2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы; 3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы; 4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.